Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Балуандар қазақша күресте ептіліктерін сынаса, білек күшіне сенген мықтылар кір тасын көтерді. Ең қызықтысы үшінші сайыс болды. Бәрі бас жүлдеге тігілген қошқарды жеңіп алуға тырысты.
Бұл жерде білек күшіне сенгендер сайысқа түсуде. Жеңіске жету үшін 48 келі болатын екі кір тасын бәрінен көп көтеру қажет. Бұл сайыста 25 жастағы балқаштық пауэрлифтер жеңіске жетті. Ол гирді 44 рет басынан асырған екен.
Алихан Альтамиров-қала тұрғын
«Бәрі спорттың арқасы. Пауэрлифтинг спортымен айналысқаныма 8 жыл болды. Сондықтанда гир көтеру мен үшін аса ауыр болмады»
Ал, мәдениет сарайының ішінде балауандар күш сынасты. Бұл сайысқа қатысуға 20 ға жуық адам өтініш білдірген. Арасында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды секілді үлкен қалалардан келгендер де бар. Алайда, Жаңарқа тұрғыны Мұқажанов Алмасқа тең келер ешкім болмады. Ол бас балуан атағын иеленіп, бірінші орынға тігілген 70 мың теңгені олжалап қайтты.
Ізбасар Шакенов-спорт бөлімінің жетекшісі
«Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дайындалған сыйлықтар бар. Олар ақшалай сыйлықтар.Қонақ болып келген азаматтардың барлығын қатыстырып жатырмыз. Өйткені бұл халықтың тойы».
Ең қызықты жарыс үш сайыс болды. Мұнда бас жүлдеге тігілген-қошқарды ұтып алу үшін оны көтеріп қана қоймай, садақ оғын нысанаға дәл тигізіп, 32 келілік кір тасын бастан жоғары асыру қажет. Өз күшін сынап көруге ниет танытқандардың қарасы көп. Бірақ, 45 келі тартатын қошқармен отырып-тұру тіпті пауэрлифтингтен әлем чемпионы Алексей Федявқа да оңай болмады.
Бұл үш сайыста бас жүлдеге тігілген қой малын 219 ұпай жинаған Рахым Мұхаметжанов ұтып алды. Ол қошқарды 140 рет көтеріп, садақ атудан 20 ұпайға ие болған. Ал, кір тасын 65 рет басынан асырыпты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login