Мерекелік демалыс күндері көлікке мінген 4 балықшы жарылған мұз астына түсіп кетті. Оның үшеуі дін аман. Ал, біреуі іздестірілуде. Алдын-ала дерек бойынша Ниссан Терано көлігімен 4 азамат наурыз айының 21 күні түнде әлі ери қоймаған көл үстіне шыққан. Содан қалалық жағалаудан үш шақырым жерге ұзағанда мұз жарылып, темір тұлпар суға кетеді. Батып кеткен балықшы үш досының судан шығуына көмектескен деседі. Бүгінде 64 жастағы азаматты құтқарушылар іздестіріп жатыр. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. Айта кетейік, қазіргі күні мұздың қалыңдығы 20 мен 60 см аралығында. Әр жерде әртүрлі болып келеді. Соған байланысты мұз үстіне шығуға тыйым салынады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login