Балқаш жаңалықтары 18 маусым 2018

Балқашта баласы мен әкесін көршілері ұрып кетті. Нәтижесінде 12 жастағы қыз бала аурханадан бірақ шықты.  Ал төбелес балалар арасындағы ұрыстан басталған. Зардап шегушілер енді бұзақы көршілерін сотқа беріп, жазаға тартпақ

Жүргізушілердің ығырын шығарған Ленин көшесі қашан жөнделеді? Фонтандар қашан іске қосылады? Қала әкімі осы сауалдарға жауап алу үшін өзі мердігерлерді іздеп шықты. Қасына коммуналдық мекемелердің басшыларын ертіп, шаһарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Шу қаласының маңында жолаушылар поезды аударылды. Зардап шегушілердің арасында балқаштықтар да бар. Ал  оқыс оқиға кеше болды.

Балқаштықтарға әлеуметтік атаулы көмек ретінде жыл басынан бері 1.5млн теңге төленген. Қаржы жалпы табыстары күн көріс деңгейінің жартысынан яғни 12 мыңнан аспайтын отбасыларға берілді.

Балқаштық оқушылар салтанатты түрде мектеппен қош айтысты. 329 түлек қолдарына аттестат алып, қоштасу вальсін биледі.

Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық жүгіріске қатысты. Шара мемлекеттік  органдардың 20 жылдығына орай және «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде өтті.

Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды. Спортшыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола олжалады. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы сайыс  Шымкент қаласында өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать