Балқаш жаңалықтары 14 маусым 2018

31 жастағы балқаштықты пышақтап кеткен тұрғын ұсталды. Жәбірленушіге 16 жерден пышақ тығылған. Ал оқиға Жидебай батыр мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Балқаш қаласының алғашқы академигі, эколог Күмісбек Сванқұловтың туғанына биыл — 70 жыл. Осы мерейтойға орай бүгін №2 кітапханада еске алу кеші өтті.

3. «Жас қанат» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Бектау ата бөктерінде орналасқан демалыс ошағының маусымдық ашылу салтанатына қала әкімі қатысты.

4. Балқаштық түлектер мектеппен қош айтысар кешке дайындалуда. Ертең 300-ден астам оқушы үшін «Үміт үзбе»мерекелік кеші ұйымдастырылады.

5. Көл жағалауында жаңа селфи фигуралар пайда болды. Алып кубиктарды балқаштық кәсіпкерлер қалаға сый ретінде орнатқан.

6. Күнтізбедегі жаңа мереке. Елбасының жарғылығымен шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді.

7. Бүгін жылдың басты спорттық жарысы футболдан әлем чемпионаты басталды. Ресейде өтетін біріншілікке әлемнің үздік 32 құрамасы қатысады.

8. Орталық кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарын Футбол чемпионатының жеңімпаздарын алдын ала болжауға шақыруда.

9. Бокстан Қазақстан құрамасы Балқашта өтетін халықаралық турнирге дайындалуда. Биыл алғаш рет еліміздің ең мықты жасөспірімдері біздің өңірде оқу-жаттығу өткізу үшін бас қосты.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать