Жаңа оқу жылына дайындық! Биыл Балқашта 5 балабақша және 9 мектеп жөнделеді. Қыркүйек айында дейін білім ордаларының ескі терезелер ауыстырылып, электр сымдары жаңартылады, сыртына қоршау салынады. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 144 млн теңге бөлінген.
Жоспар бойынша биыл №3 мектеп-интернатының сырты жөнделуде. Құрылысшылар сылағы түсіп, өңі кете бастаған 4 қабатты ғимараттың алды-артын тегістеп шығыпты. Оған екі апта уақыт кеткен. Енді сырлауға кіріспек.
Марат Битүсүпов-мердігер компанияның директоры
«Қазір мектептің қандай түске боялатындығы шешілуде. Анықталысымен біз бояуға тапсырыс беріп, сырлауға кірісеміз. 1-2 апта уақыт алады деп ойлаймын».
Бұдан өзге тағы 8 білім ордасында биыл түрлі жөндеу жұмыстары жасалады. Мысалы №4 мектепте ескі терезелер толығымен жаңасына ауыстырылса, №2 лицейде далаға жарық тартылады. №8 мектепте электр сымдары жаңаланып, ішкі су құбырларын айырбастау жүргізіледі. Биыл тек «Айсұлу» балабақшасы толығымен жөнделеді.
Ольга Бубнова-қалалық білім бөлімінің бас есепшісі
«14 білім ошағына жөндеуге жергілікті бюджеттен 144 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу маусым мен шілде айларына жоспарланған. Алайда, 3 мектепте жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында басталды. Олар. №3 мектеп интернат, Қоңыраттағы 3 пен 25 мектеп».
Ал өткен жылы 21 білім нысаны жөндеуден өткен болатын. Оған 358 млн бөлінген еді. Бұл соманың жартысы оқушылар сарайына жұмсалды. Ғимараттың тек сырты ғана емес ішіде жаңа кейіпке енді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login