Жаздың алғашқы күнінен бастап балқаштықтар компьютер тілін тегін меңгере алады. Қаламызда 1 — маусым күні бұқара үшін компьютер мен интернет сауаттылық курсы ашылады. Оған 14 жастан асқан кез-келген тұрғындар жазылып, заманауи аппараттың тілін үйренуге мүмкіндіктері бар. Бірақ, ол үшін алдымен білім бөліміне барып өтініш жазу керек. Содан кейін өзіңізге жақын кез-келген мектепке бара аласыз. Дәріс беру уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін. Айта кетейік, әдіскерлер компьютер сауаттылығынан өзге электронды үкімет порталын, сайтпен жұмыс істеу тәртібін де оқытатын болады. Толық ақпаратты 7-50-31 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.
Жайнагүл Мұхаметжанова- Қалалық білім бөлімінің әдіскері
« Курс 4 бөлімнен тұрады.Ол бірінші базалық білім. Бұл жерде компьютерлік базалық білім аласыздар.Екінші бойынша үкіметті электрон порталымен жұмыс жасап үйренесіздер. Үшінші бөлімде ашық үкіметпен қалай жұмыс жасау керектігін үйренесіздер.Төртінші бөлімде электронды сауданы қалай алу керек туралы жұмыс жасап үйренесіздер».
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login