Бүгін орта және шағын бизнес өкілдеріне салық кодексіне осы жылы енген осы және өзгеде өзгерістер түсіндірілді. Осы мақсатпен Балқашқа келген Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің қызметкерлері көшпелі семинар өткізді. Ең негізгілері арнайы салық режимі, жеке табыс салығына қатысты жеңілдіктер және салық шегерімдері. Биылдан бастап корпоративтік салық бойынша қосымша декларация тапсыру мерзімі 20 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Ал аванстың сомасын кемітіп көресткені үшін салынатын айыппұл мөлшері 40 пайыздан 20 пайызға азайтылды. Сонымен бірге электронды саудамен айналысатынға да жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, заңды тұлғалар – корпоративтік табыс салығын, ал жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Оған қол жеткізу үшін бірнеше талапты орындау қажет.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login