Балқаштық арулар шаштарының ұзындығынан сынға түсті. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған байқау Ленин көшесінің бойындағы бас сахнада өтті. Онда қыздардың бұрымдары ғана емес, ақыл-парасаттары мен сахна мәдениеті, өнерлері бағаланды. Сайысқа қатысқан 6 ару қазылар алқасы мен дүйім жұрттың алдында бар өнерлерін салып бақты.
Барлық сынақтан сүрінбей өткен Балқаш қаласының медициналық колледжінің студенті Наздана Мұхтархан І орынды жеңіп алды. Қаламыздағы Ә.Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті Айзия Арманқызы ІІ орынды иеленсе, №16 лингвистикалық мектептің оқушысы Жұлдыз Рүстемова ІІІ орын алды.
[supsystic-slider id=9 position=»center»]
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login