Балқашта әжелер сайысы өтті

Балқаш қаласының әжелері өзара сайысқа түсті. М.Хамзин атындағы мысшылар сарайында өткен байқау қаламыздың 80 жылдығы мен Наурыз мейрамына орай  ұйымдастырылып отыр. Оған 8 ақ жаулықты апа қатысып, өнерлерін ортаға салды. «Сәлем сөздің анасы»- дегенді жанына түйген апалар алдымен амандасудан бастады. Сонымен қатар, сахна төрінде қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Әжелер атқа мінуге жараған ер балаға ертоқымын сайлап тоқымқағар жасады. Сондай-ақ, жаңа көйлек киген қыз балаға байғазы беріп қазақ дәстүрін қайта жаңғыртты. Одан өзге баланы қырқынан шығару, тұсаукесер, көрісу сынды салттар көрініс тапты. Апаларымыз өнерден де құр алақан емес. Домбыра, баянмен шырқата ән де айтты.  Немере, шөбере сүйіп отырған әжелеріміздің бірі ұстаз болса, тағы бірі зауыт қызметкері.

Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені БМЗ шихта дайындау цехының қызметкері Умекешова Дана иеленді. №7 мектеп гимназия ұстазы Сатанова Шакизатқа І орын бұйырса, зейнеткер Битусупова Жұмабала ІІ орынға қол жеткізді. «Балқаш сазы» ансамблінің әншісі Жұмабекова Макен ІІІ орынды қанағат тұтты.

наурыз бабушки наурыз бабушки наурыз бабушки наурыз бабушки

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture