Балқашта 18 мамыр күні құбырларды тазалау үшін ауыз суды хлорлайды. Сол себепті мамандар тұрғындарға алдын-ала суық су құйып алуға кеңес береді. Дезинфекциялау шарасы 17 мамыр күні кешке басталады. Зертханашылар гипохлорит кальций ерітіндісін тазартылған резервуарларға сеуіп, кейін оны суға толтырып 6 сағатқа қалдырады. Ал 18- нен бастап хлорланған су құбыр желісімен әр балқаштықтың үйіне жетеді. Ондағы химиялық элемент мөлшері өте көп болатындықтан, мамандар хлорлы суды ішуден бас тартуы қажет дейді. Жалпы, суды тазалау шаралары 18 -19 күндері жүргізіледі.
Виталий Матюшкин- Балқаш СУ» КМК өндірістік техникалық бөлім басшысы:«18-19 күні аралығында ауыз суды хлорлау басталады. Судың құрамында хлор көп болатындықтан оны ішуге болмайды. Су құбырларын тазартуға арналған шара жылына 2 ерт көктемде және күзде жүргізіледі.
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login