Балқашта ыстық су неге суық?

Коммуналшылар балқаштықтарға суды бойлермен жылытуға кеңес берді. Себебі тұрғындар ыстық судың мүлдем қызбайтынын айтып шағым түсіре бастаған. Су Жылу Транс мекемесінің мамандарының айтуынша егер жылыту маусымы кезінде ыстық су бір желімен жіберіліп, екіншісімен кері қайтса,  қазір тек бір құбырмен барады. Яғни айналым жүйесі жоқ.  Ал су көп қолданылмаса суып қалады. Сол себепті коммуналшылар су ысығанша кранды ашып қою керек дейді.  Ал егер шығын болады, қалтамызға салмақ түседі десеңіздер, онда суды арнайы жылытқыштармен ысытуға кеңес береді.

СНХ:Айбек Рахимберлин-«Су Жылу Транс» КМК бас инженері

 «  Ыстық судың орнына салқын су ағып жатыр деп, онда халықтың өзінің құқы бар. Жылытқыш құралдарын қоюға болады. Бойлер дейді. Аристон.Халықтың қойып отырған құралдары простой расходомер.Судың мөлшерін ғана өлшейді. Температурасын өлшемейді. Онда жылу есептегіш құралын қойып алуға хақысы бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать