Балқаштық түлектер сынамалы тест тапсырды

Балқаштық түлектер сынамалы тест сұрақтарына жауап берді. Өз білімін сынап көруге Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының 11-сынып оқушылары да келді. Бұл шара ҰБТ-ге алдын-ала дайындық. Деседе, нағыз сынақ кезіндегідей барлығы қатаң бақылауға алынған. 12 аудиторияның барлығына камера орнатылыпты. Жоғары сынып оқушылары 3.5 сағат бойы 5 пәннен берілген сұрақтарға жауап берді. Ал, дұрыс жауап бір емес бірнеше болуы мүмкін. Сондықтанда биылғы түлектердің 125 емес 140 балл жинауға мүмкіндіктері бар.

Ал, әр оқушының болашақ қадамын анықтайтын ҰБТ биыл 20 — маусым мен 1 — шілде аралығында өтеді. Алайда, биыл мектеп атестатын алу үшін алдымен 5 сабақтан эмтихан тапсыру қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture