Бес жастағы балқаштық бүлдіршін республикалық және халықаралық байқауларда жеңіске жетті. Нұрислам Мұратов қара сөз оқудан алдына жан салмады.
Кішкентай жерлесіміз қатысқан республикалық сайыс Қарағанды қаласында өтті. Байқауға әр-түрлі жастағы 100-ден аса бала қатысқан. Онда Нұрислам Мұратов Астана өлеңін оқып, гран при иегері атанды. Ал халықаралық фестиваль Астана қаласында ұйымдастырылды. Сайысқа Ресей, Қырғызстан және Қазақстан қалаларынан 200-ден аса қатысушы жиналған. 5 жастағы Нұрислам екі жыр мәнерлеп оқып, өзімен жасты балалар арасында бас жүлдеге ие болды.
Нұрислам Мұратов –республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы
«Мен Қарағандыға бардым, Астанаға бардым. Ол жақта дворецтер күшті. Маған өлең жаттаған, сахнаға шыққан өте ұнайды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login