Ақшатау кенті жанында болған жол апатынан 1 адам қайтыс болды

Ақшатау кентінің маңында жол апаты орын алды. Салдарынан 57 жастағы жүргізуші қайтыс болды.Тағы бір жігіт зардап шекті. Кейбір дерек көздері бойынша жүргізуші жолда қалғып кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған.Олардың айтуынша,жол апаты Ақшатаудан 8 км.жерде болған. Таңғы сағат 5-тің шамасында жүргізушінің көзі ілініп кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған. Қатты соққыдан 57 жастағы көлік иесі сол жерде тілге келместен қайтыс болды.Ал оның қасында отырған 29 жастағы ұлы Шет ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.

Қуат Хайдаров-ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы бойынша апаттық және медициналық орталық жетекшісі:«Жолаушы көптеген дене жарақаттарын алған. Бас миынан бастап дене сүйіктері зақымданған. Оны ауруханаға дейін арнайы аппарат арқылы демалдырып жеткізді. Қазіргі күні денсаулығы өте ауыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать