Еске алу Тұрсынбаев Есентай

Ардақты да аяулы әкеміз, руы – Сарым-Шабанбай, Тұрсынбаев Есентай Жақсыбайұлы тірі болғанда, наурыздың 16-сы күні 58 жасқа толар еді…

Адал жар, асыл әке, қимас әке,
Қойнына қара жердің қимас әке.
Орныңды толтыра алмас ешқашанда,
Байлығын бар ғаламның жинасаң да.

Күлкі үйіріліп жүзіңде жүруші едің,
Рахаттанып жарқыным күлуші едің.
Амал не кетті өзіңді ажал алып,
Сағынып қалдық күлкіңді қарапайым.

Әкешім, өзіңді сағынамыз,
Тағдырдың салғанына бағынамыз.
Келгенде ағайын-тума, балаларың,
«Айналайын құлыным»-деп қарсы алатын,
Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Әке, топырағың торқа болсын.
Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,
Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.

Еске алушылар: жұбайы – Еркін, балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture