Политех колледжінде өрт шықты. Аздаған уақыттың ішінде оқу орнында болған 400 ге жуық адам сыртқа шығарылды. Осындай сценарий бойынша оқытушылар мен студенттер қызыл жалынға қарсы акция өткізді. Флешмоб билеп тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
Дабыл белгісі берілісімен, ұстаздар қауымы мен студенттер сыртқа шыға бастады. Мекемеде жалпы саны 400 ге жуық адам бар. Оның барлығы ереже бойынша 4 минуттың ішінде қауіпсіз аймаққа жетіп үлгерулері тиіс.Барлығы қауіпсіз алаңға жиналғаннан кейін құтқарушылар өрт сөндіруге арналған құралды қалай қалай қолдану керектігін көрсетті. Ол үшін от жағып оны сөндіруге кірісті.Жастар қызыл жалынды қалай ауыздықтау керектігін көргеннен кейін флешмоб биледі. 150 студент балқаштықтардың назарын өзіне аударып, өрт қауіпсіздігін сақтауға, қызыл жалыннан сақ болуға шақырды. Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған шара қалалық ТЖБ қолдауымен өтті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login