Жолда жүру ережесін жүргізушілерден артық білетін оқушылар анықталды. Демалыс күні мектеп командалары арасында 20-шы жас инспекторлар слеті өтті. Онда балалар сапта жүру, алғашқы көмек көрсету, жолда ереже бұзбай қозғалу сынды сынақтардан өтті.
№5 мектеп командасы алғашқы сайыста өнер көрсетуде. Саптағы 9 адам командирінің бұйрығын бұлжытпай орындаулары тиіс. Бұл жерде әр қимыл бағаланады. Еш қателік жібермесе, жоғары балға ие болулары мүмкін.
Аружан Амелешева – №5 мектеп командасының командирі
«Қиын болған жоқ, бірақ өзіме сенімді болдым. Бірақ, кішкене қорқыныш болды.
Ал көрші кабинетте жолдағы жүрісті реттеушілердің білімі бағаланды. Оқушы бағдаршам істен шыққан жағдайда, ала таяқшаның көмегімен жүргізушілерге қандай команда беретінін мүдірместен айтып шығуы тиіс. Эмтихан қабылдаушылар нағыз автоинспекторлар. Қойылатын ең жоғарғы ұпай-4.
Ольга Садвокасова – білім бөлімінің маманы
«Әр мектепте жыл сайын жас инспекторлар командасы құрылады. Олар бір жыл бойы жолда жүру ережесін жаттап, оны басқа балалардың да сақтауын қадағалайды. Ал бұл жарыста біз олардың жылдық жұмысыа қорытынды жасаймыз. Білімдерін бағалаймыз».
Ал жолда қалай дұрыс жүріп тұру керек, оны оқушылар велосипедттің көмегімен көрсетті. Мұндай да қатай сақталатын ережелер мен талап бар. Бірі бұзылса, онда ұпай саны азайуы мүмкін.
Бұл күні жас инспекторлар жол ережесі бойынша тест тапсырып, алғашқы көмек қалай жүзеге асатынын көрсетті. Барлық сыннан сүрйінбей өткен №15 мектеп командасы биыл тағы үздік атанды. Ал 1,2,3 орын 8,9,10 мектептерге бұйырды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login