Балқаштықтар 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтті. Желтоқсан көшесінде шеру ұйымдастырылып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Достықты ту еткен балқаштықтар түрлі ұлттың биін билеп, әнін шырқады.
Мамыр айының мамыражай мерекесі шерумен басталды. Рухани жаңғыру символы, Бәйтерек және Қазақ елі монуметі көшті бастады. Олардың соңынан өзге ұлт өкілдері, студенттер, оқушылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері ерді. Жалпы 2000-ға жуық балқаштық алғашқы құрылысшылар монументінен бастап сахна аумағына дейін жүріп өтті.
Ал сахна алдында тұрғындар назарына театрландырылған көрініс ұсынылды.Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Елордамызға 20 жыл. Осы Астананың басты символдары да көріністе орын тапқан. Соңында кішкентай бүлдіршіндер бірлігіміз мәңгілік болсын деген ниетпен аспанға шар ұшырды.
Қала басшысының ізгі тілегінен кейін қала жұртшылығы мерекелік концертті тамашалады. Жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, елге мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал қазақ елінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері өз тілдерінде тілектерін жеткізді.Мереке кешкісін жалғасын тапты. Концерт қойылып, би кеші ұйымдастырылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login