Каратэ-до шотаканнан өткен Қазақстан Чемпионатында балқаштықтар 20 медальді ұтып алды

Жарыстан жерлестеріміз жеңіспен оралды. Каратэ-до шотаканнан өткен Қазақстанның ашық чемпионатында балқаштықтар 20 медальді олжалады. 5 пен 18 жастан асқандар арасындағы бәсеке Тараз қаласында өтті.Оған Қазақстан және Қырғызстанның 500-ге жуық саңлақтары қатысты. Балқаш құрамасы сапында 25 бала татамиде білгендерін ортаға салды. Барлығы каратэнің 4 түрлі бағдарламасы бойынша чемпион болуға ұмытылды. Жарыс нәтижесінде 25 балқаштық 20 медальға қол жеткізді. Оның ішінде 4-уі алтын, 9-ы күміс,7-уі қола.

 Арсен Тұрағабұлов-Каратэ-до шотаканнан Қазақстан чемпионы
«Мен жарысқа бардым. Мен 1 мен 3 орын алдым. Мен оларды аяқпен жеңдім.Маған қатты қиын болған жоқ.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать