Сүйікті немереміз, үйіміздің еркетайы кішкентай Ділдәміз 16 наурыз күні 4 жасқа толды. Құлыншағымыздың денсаулығы зор болып, балалық дәурені балдай тәтті болып өтсін,өмір жасы ұзақ болсын деп тілейміз.
Қылығымен күлдіретін ата-апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азаматша бол келешекте,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол апаңның,
Тілің менен қылығыңды қызықтап,
Еркелетсін деп өзіңді «Тентегім».
4 жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты боп,
Мұратыңа жете бер.
Шаңырақтың шаттығысың, құлыншақ,
Әр нәрсеге қызығумен ұрыншақ.
Былдыр тілің мәз қылады біздерді,
Ертең бұрым бола шығар тұлымшақ.
Өссең дейміз жас өркендей жыр шашып,
Күлім көзің мейір төге нұр шашып.
Тәрбие мен білім туын тең ұстап,
Жүрсең дейміз есімің қыр асып.
Т/б: нағашы ата-апасы: Әсет – Айнаш, папа – мамасы: Әстай – Ұлпан, нағашылары, әпкесі – Ділназ, сіңлісі – Фариза
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login