Балқаштықтарды «Мәңгілік полк» шеруіне қатысуға шақырады

Мәңгілік өшпес полк! 9 мамыр күні Балқашта Отан үшін ұрыс даласында жан қиған майдангерлер мен бейбіт өмірді сыйлаған жандарды еске алу мақсатында осындай шеру ұйымдастырылады. Шара Ұлы Жеңіс күні Желтоқсан көшесінде сағат 9:00 өтеді. Ал оған ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады. Ол үшін тек қаза болған майдангердің фотосуреті және аты-жөні жазылған тақтайшаны дайындау қажет.Содан кейін оны ардагерлердің балалары, немерелері, шөберелері жоғары көтеріп бұқарамен бірге мәңігілік алауға дейін жүріп өтуі керек.Айта кетейік, бүгінгі күні «Мәңгілік полк»акциясына 100-ге тарта жас буын өкілдері қатысуға өтініш білдірді.

Мадина Базылова- Балқаш жастары ресурстық орталығының маманы
« Аталмыш шеруге қатысу үшін туған-туысқандарының, әкелерінің ,аталарының суретерін А3 немесе А4 форматындағы шығарып алу керек.9 мамыр  күні  Желтоқсан көшесіндегі алаңға жиналып, мәңгі алауға дейін бірге шеруге шығамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture