Өнер мектебінің скрипкашылары халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қалалық өнер мектебінің оқушылары жарыста топ жарды.Скрипка тілін жетік меңгерген балғындар Қарағандыда өткен халықаралық «Көктемгі кубок» атты байқауда бірінші және екінші орындарды иеленді.Облыс орталығында өткен өнерпаздар додасына шаһардан 5 бала барды. Олар музыкалық аспаптар бөлімінде 60 қатысушымен бірге бақ сынады. Барлығы жеке,трио, ансамбль болып өнер көрсетті. Нәтижесінде, жеке-жеке шыққан 4 жерлесіміз бірінші,екінші орынды иеленді. Ал екінші рет трио болып шыққан оқушылар алтын медальмен марапатталып, кейін барлығы ансамбль болып «Все о нас» кинофильмнің саундтрегін орындады. Және оны қазылар алқасы үздік деп бағалады.

Яна Заболотная-Оқушылар сарайының скрипка сыныбының мұғалімі
«Оқушыларым жақсы өнер көрсетті. Оның ішінде екі бала бірінші рет жарысқа барды. Біз классика, заманауи туындылардан өзге совет үкіметі кезіндегі композицияларды орындадық. Бұл байқауға жарты жылдай дайындалдық».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать