2018 жылы Қоңырат мөлтек ауданында құрылыс қарқынды жүргізіледі

Биыл 4 мыңға жуық тұрғыны бар Қоңырат мөлтек ауданын күрделі өзгеріс күтіп тұр. Онда орталық көшелер жөнделіп, жаяу жүргіншілер үшін тратуар салынады. Көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, көше жарығы жасалады.1 және 3 жылу қазандықтары ағымдағы жөндеуден өтеді. Оған қоса, 240 тұрғын баспаналы болады. Бірнеше жыл қараусыз қалған саябақ қалыпқа келтіріледі.

2018 жыл Қоңыратта қандай істер атқарылады? Құрылыс жұмыстары қашан басталып, қашан аяқталады?Оған кімдер жауапты?Оны нақтылап, анықтау үшін қала әкімі бастаған топ мөлтек ауданында жиналды.Өңір басшысы мемлекеттік қызметкерлер мен бірге тұрғындармен кездесті. Қоңыраттың ішкі кейпі өзгеру керек дегенді алға тартты.

Сонымен, биыл Қоңыратта екі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Русаков пен Горняцкий көшелерінің әрқайсының 1 км жолына жаңа асфальт төселеді..Сәйкесінше, көшенің жарықтары қалыпқа келтіріледі. Электроэнергияны үнемдейтін шамдар орнатылады.Құрылыс мамыр айының соңында басталады.

Ал Балқаш, Зайцев және Алтынсарин көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жөнделеді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 45 млн.артық қаржы бөлінді.

Иә, жылу демекші 2018 жылы Қоңыраттағы жылу қазандықтарында да өзгеріс күтіп тұр. 96 млн. теңгеге №1 мен №3 қазандықтар мен суды химиялық жолмен тазартатын бөлігін жөндеу жоспарлануда.

Қараусыз қалған саябақтың жөндеу биылғы жылдың негізгі атқарылатын істердің бірі. Онда ойын, спорт алаңдары тұрғызылады. Сәкілер орнатылып, жарық тартылады. Қоршау салынады. Мұның барлығына жергілікті бюджеттен 64 млн. теңге қарастырылды.Онымен қоса, Балқаш көшесінде су жүйесі жөнделіп, бір аула толық абаттандырылады.

Сондай-ақ биыл, Русаков көшесіндегі 10 үй мен Зайцев көшесіндегі 18 А үйлері жөнделіп, кезекте тұрған 240 тұрғынға беріледі.Соған сәйкес Қоңыраттықтардың халық саны өсіп, қосымша автобустар қатынайтын болады. Ал балалар үшін нөмір 3 мектеп ғимаратында мектеп жасына дейінгі балаларды даярлайтын орталық ашылады. 60 балаға шақталған 3топ жұмыс істемек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать