Бүгін Балқаш шаһарына 81 жыл толды. 1937 жылы 11 сәуірде Прибалхашстрой кентіне ресми түрде қала атағы берілген. Сол уақыттан бастап көкше көлдің жағасында құрылыс қарқынды дамып, жаңадан нысандар, өндіріс орындары, ауруханалар мен мектептер бой көтерді. Қала әліде даму үстінде. Бүгін біз шаһар тарихы жайлы қызықты деректермен бөліспекпіз.
*Геологиялық экспедиция мүшелері Балқаш жерін зерттеуге 1928 жылы келген. Нәтижесінде 3 мысты кен орын анықталады. Олар: Қоңырат, Соқырқой және Қарабас
*1929 жылы кенді игеріп, түсті металл өндіру мақсатымен Мыс балқыту комбинатын салу туралы шешім шығады.
*1932 жылы 600 ден аса түйе мен ат құрылыс материалдарын әкелу үшін Спасск қаласына жіберіледі. Алайда, жолдың алыстығынан және климатың қолайсыз болуынан 2 жануар ғана діттеген жерге жеткен.
*Содан Қарағанды-Балқаш бағыты бойынша темір жол салына бастайды. Оның құрылысы 1935 жылы аяқталған. Сол жылы 23 желтоқсанда алғашқы поезд келеді.
*1934 жылы Прибалхашстрой кентінің құрылысына Кеңес үкіметі 190 млн рубль бөлген.
*1937 жылы қалада алғашқы кинотеатр ашылады. Ал шілде айында шаһарда автобустар жүре бастаған. Сол жылы наурызда БЖЭС іске қосылып өндіріс орындарына жарық беріледі.
*1938 жылы 24 қарашада алғашқы қара мыс алынады. Бұл күн Балқаш мыс балқыту зауытының туған күні болып саналады.
*Алғашқы салынған үйлер Ағыбай батыр, Қараменде би және Уалиханов көшелерінде орналасқан.
*Егер 1931 жылы Балқаштағы тұрғындар саны 1150 адам болса 1940 жылы келушілер қатары 40 мыңға жеткен.
*Соғыс жылдары Балқаштан 8 мыңнан аса адам отан қорғауға аттанды. Солардың бесеуі кеңес одағының батыры атанды. Олар: Закир Асфандьяров, Петр Миллер, Николай Подсадник, Олег Щербаков және Вера Хоружая.
Надежда Смирнова-№17мектеп-гимназиясының география мұғалімі
Қалада Вера Хоружаяның ескеркішінің бар екенін көпшілік біле бермейді. Ол комбинаттың маңында орналасқан. Вера Хоуржая зауыттың құрылысын басқарған жетекші жастардың бірі болған. Кейін соғысқа кетіп, қайтып оралмады.
*1975 жылы Балқаштан Алматы-Мәскеу бағыты бойынша ұшақ қатынай бастайды.
*Сол жылы қалада 3 мәдениет үйі, 12 клуб және 37 кітапхана жұмыс істеген.
*Ал 1980 жылы мобиль маркасымен үйлер салына бастады.
*1997 жылы 30 тамызда алғашқы алтын құймасы алынған.
*Бектауата тауында киелі саналатын тұщы су көзі бар. 1970 зерттеушілер Әулие үңгірін жармақ болған. Алайда оны Амангелді батыр туралы ойдан құрастырылған аңыз сақтап қалған.
Дәулет Қожақов-тарихшы
« 60-70 жылдары мынау Бектауата тауынан тау хрусталының кені табылған екен. Оның мол қоры үңгірдің астынан табылған екен. Оны алу үшін үңгірді жару керек болды. Қаланың ұлттық зиялы тобы Бектауатадағы Әулие үңгірін сақтап қалу үшін осы аңызды ойлап тапқан екен. Ол аңыздың қықаша мазмұны мынау «Патша кезінде, патшаға қарсы шығып жүрген Амангелді Иманов өзінің күрескерлік уақытында осы жерде жасырынып, жан сақтағ делінген. Мұны естіген жоғарыдағы басшылар батырдың Кеңес үкіметін құруға қосқан еңбегін елеп, үңгірге тиіспеген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login