Балқашта жаңа латын графикасын үйрететін оқыту залы ашылады. Мамандар тұрғындарға жаңа әліпбимен оқуды және жазуды үйретеді. Бұл туралы қалалық мұражайда өткен жиында белгілі болды. Онда биыл Балқашта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылатын жобалар таныстырылды. Айта кетсек, осы жылы балалар үйінің маңайына ойын алаңы салынады. Мәдениет сарайының артына рухани жаңғыру логотипі бейнеленген селфи фигуралар орнатылмақ. Ал Қоңыратта талай жыл қараусыз қалған саябақ қалыпқа келтіріледі. Мұның барлығы кәсіпкерлердің көмегімен іске аспақ. Сонымен бірге жергілікті суретшілердің сурет галереясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Тұрғындар латын графикасын қазірден бастап үйрену үшін оқыту залы ашылмақ. Жиында жалпыұлттық бағдарлама бойынша 30-дан аса жоба таныстырылды.
Еркен Беркенов-Ішкі саясат бөлімінің м.а.
«Екінші жартыжылдықтан бастап, ең үздік меценат, үздік ерікті және үздік үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жариялаймыз. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау жыл соңында жүргізіледі».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login