Қазақмыс Смэлтинг үздік логотипке байқау жариялайды

Биыл — Балқаш қаласында алғашқы қара мыстың өндірілгеніне 80 жыл. Соған орай «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС үздік логотипке байқау жариялады. Сыйлық қоры — 300 мың теңге. Ал осындай қомақты қаржыға ие боламын деушілер бір ғана талапты орындауы тиіс. Яғни, корпорация қармағындағы 6 кәсіпорынға бір сериялы мерейтойлық символ ойлап табуы керек. Оның ішінде Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауыттары, мыс ширатпасын шығаратын «Казкат» пен мырыш зауыты, оттегі өндіретін кәсіпорын және мыс дайындайтын, эмальды сым шығаратын цехтар бар. Осыларға жеке-жеке эмблема жасап, «Қазақмыс Смэлтинг» біріктіретінін айрықша көрсету қажет. Нәтижесінде, үздік жоба авторы 300 мың теңгемен марапатталады. Өтініштер 21-сәуірге дейін Балқаш мыс балқыту зауытының басқармасында қабылданады. Толық ақпаратты 6-16-88 нөмірінен біле аласыздар.

Ербол Айбеков- «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының директоры:«Байқауға заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Жас мөлшеріне шектеуіміз жоқ. Жеңімпазды арнайы комиссия анықтайды. Сыйақы мөлшері — 300 мың теңге».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать