170 келі марихуана.Қарағандылық полицейлер осындай аса ірі көлемдегі есірткіні қала тұрғындарына сатқан екі сыбайласты құрықтады. 20 жастағы қарағандылық саудагер мен 36 жастағы Жамбыл қаласының тұрғыны шаһар ішінде ұсталды. Тәртіп сақшылары олардың көліктерін тінту барысында салмағы 150 келіні құрайтын «мариухана» есірткісін тәркіледі. Оған қоса, күдіктілерге тиесілі гаражды тексеру кезінде 20 келі жасыл иісті шөп табылды. Ал қара пайданың жалпы құны 6 млн. теңгені құрады. Қазіргі күні есірткі саудасымен айналысқан күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ- Қарағанды облыстық ІІД МТАБ бастығы:
«Аталған факті бойынша ҚРҚК 297 бабының 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу амалдары жүргізілуде.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login