2018 жылы ақпанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,2%, ал жыл басынан бері 0,7% артқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл айда қарақұмық жармасы (5,1%) мен пияз (1,9%) бағасы арзандаған. Ақпанда қырыққабат бағасы 2%, қант 1,9%, картоп 1,3% қымбаттаған.
Жыл басынан бері қарақұмық жармасының бағасы 18,4%, күріш 2,7% төмендесе, айран 2,5%, картоп 6,8%, сәбіз 4,5%, ал пияз 5,3% көтерілген. Бұдан бөлек, қырыққабат бағасы екі айда 13,7% қымбаттаған.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанда 241,1 млрд теңгеге азық-түлік өнімдері шығарылған. Екі айда 34,6 млрд теңгеге (өсім 11,2%), ет өнімдері мен консервілер, 4 млрд теңгеге (өсім 44,1%), балық консервілері, 11,4 млрд теңгеге (өсім 10%) жеміс-жидек және көкөніс консервілері өндірілген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login