Балқашта әйелдерге арналған оңалту орталығы өз жұмысын қайта бастады

Балқашта әйелдерге арналған оңалту орталығы өз жұмысын қайта бастады. Енді онда тұрмыстың тауқыметін көріп, қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектерге тегін көмек көрсетілетін болады. Шашубай мөлтек ауданында нөмір 24 үйдегі бұрыңғы «Көмек»деп аталған орталық қазір «Мир добра» болып өзгертілді. Бұдан былай тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық көрген әйелдер 5 бөлмелі орталыққа келіп,10 күнге дейін тегін тұруларына рұқсат.Онда әйелдер гигиеналық заттардан өзге күніне екі рет тамақтанады.Және осы уақыт аралығында қыз-келіншектерге психологиялық, заңдылық- құқықтық тұрғыдан білікті мамандар көмек беруге дайын. Әлеуметтік бейімдеу орталық 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Сондықтан кез –келген уақытта 5-33-45 нөміріне қоңырау шалуға болады. Айта кетейік, жұмысын жаңа бастаған орталық көмегіне әзірше 15 шақты әйел жүгініп, 2 келіншек тұрып жатыр.

Руслан Кван- Әйелдерге арналған оңалту орталығының директоры:«Біздің орталық тұрмыс тауқыметін көрген қыз-келіншектерге көмек беруге дайын.24 сағат бойы жұмыс істейміз. Орталық 10 –ға жуық әйелді қабылдап, 10 күнге дейін жатын орын, тамақ береді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture