Көлік қағып кеткен үш қыз баланың денсаулықтары жақсарды.Екеуі үйлеріне шығарылды. Ал ауыр халде бірнеше күн бойы жан сақтау бөлімде жатқан бойжеткен травмотологияға ауыстырылды. Еске сала кетсек, жол көлік оқиғасы осыдан 10 күн бұрын Ағыбай батыр көшесінде болды. Кешкілік уақытта жаяу жүргіншілер жолағынан үш қыз бала өтіп бара жатқанда оларды Мерседес көлігі қағып өтеді. Салдарынан 16 және 17 жастағы екі қыздың бас миы зақымданады. Ал ең кішісі 15 жастағысы бірнеше күн ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде емделіп, күні кеше травмотологияға ауыстырылды. Және 2 қыз үйілеріне шығарылғанымен дәрігерлердің жіті қарауында. Бірақ оған қарамастан 26 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айжан Иса – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы
«2004 жылы туған қыз бала басында жан сақтау бөлімшесінде жатқан. Қазір ол травмотология бөлімшесінде. Әзірше жатады.Сондықтан медициналық көмек көрсетіліп жатыр».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login