Осы аптада балқаштықтар мәуліт мерекесін тойлайтын болды. 18 наурыз күні Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген күніне орай мәдениет сарайында мәдени кеш өтеді. Рухани азыққа толы мейрам сағат 11-де басталады. Оған облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа бастаған діни қызметкерлер мен ұстаздар қатысады. Уағыздарын айтып, адамдардың абзалы атанған алланың елшісін тілге тиек етеді.Сондай-ақ елімізге танымал Дидар Қамиев, Мақсат Ақанов, Айтбай Жұмағұлов секілді ақиық ақындар жыр-термеден сыр шертеді. Өзара айтыс ұйымдастырмақ ниетте. Екі сағатқа жоспарланған кешке кіру ақысы тегін.
Асылхан Түсүпбеков- қалалық мешіттің наиб имамы
«Мәуліт мерекесін Пайғамдарымыздың туған күнін атап өтпекпіз.Соған ат салысып, қатыссаңыздар болады.18 күні сағат 11де басталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login