Балқаштық 2 боксшы Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Аймақтық сайыста шаршы алаңда бақтарын сынаған Ерасыл Ермек пен Әділжан Ибрагимов бірінші және екінші орын алды. Қарағанды құрамасына енген 4 жерлесіміз Жезқазған қаласында облыс намысын қорғап келді. Онда Қарағандының төрт бұрышынан жиналған 140 бала 20 салмақ дәрежесіне бөлініп жұдырықтасты. Оның ішіндегі 4 балқаштық спортшы финалдық кезеңге дейін жетті. Бірақта, Рамазан Нұрлыбаев пен Ілияс Жасымбеков үшінші орын алды. Ал облыстық бокс мектебінің оқушысы Әділжан Ибрагимов 44 келіде жарыстың күміс жүлдегері атанып, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің спортшысы Ерасыл Ермек 52 келіде чемпион атанды. Енді бірінші, екінші орын алған балалар мамыр айында Қостанай қаласында республикалық жарыста рингке шықпақ.

Ерасыл Ермек — Бокстан аймақтық жарыстың чемпионы
«Бірінші күні мен Қостанай облысымен шықтым.Оны айқын басымдылықпен жеңдім.Екінші күні Теректімен шықтым.Оны 3:0 есебімен жеңдім. Ол баламен бұрындары жұдырықтастым.Оның тактикаларын білемін. Енді Қазақстан чемпионатына лицензия алдым.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login