Сұлулықтың символы-әйелдер. 8 наурыз халықаралық нәзік жандардың мерекесіне орай мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Көктеммен бірге құлпыра түскен мейрам иелерін шаһар басшылығы ерекше құрметке бөлеп, ізгі тілегін жеткізді. Ең алдымен қала әкімінің міндетін атқарушы Айдын Қапашев алтын құрсақты аналарды құттықтады. 6 баланы тәрбиелеп, өсірген Ақдидар Қарабекова мен Айжан Сеитжанованы күміс алқамен марапаттады. Ал әлеуметтік – экономиканың дамуына үлес қосып жүрген 20 –ға жуық нәзік жандыға өңір басшысының құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ еңбектегі жоғарғы көрсеткіштерге ие болған 16 қыз-келіншекке қала әкімінің атынан алғыс хат табысталды. Осылайша нәзік жандармен құлпыра түскен жиын әсем -әуенмен жалғасты.Төрден орын алған қонақ иелерінің құрметіне үздік әндер орындалып, гүл шоқтары табыс етілді.
Ақдидар Қарабекова- «Күміс алқа» иегері
« Мен 6 баланың анасымын.Үлкені 22 келіп отыр. Екі кішкентай егіздерім 1,5 жасқа келіп отыр.Осы балаларымның арқасында Күміс алқамен марапатталып отырмын.Әкімшілікке бәріне көп рахмет.Бүгінгі мерекеге, сыйлықтарына көп рахмет.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login