Шаһарда 35 бала бір күндік азық-түлікпен қамтамасыз етілді

Көктемнің шуақты алғашқы күнінде қалалық іскер әйелдер қауымдастығы қайырымдылық шара өткізді. Аз қамтамасыз етілген жастарға қол ұштарын созып, сыйлықтар ұсынды.Политех, Балқаш сервис және техникалық колледж студенттері мен «Арай» балалар үйінің балғындарын бір күндік азық-түлікпен қамтамасыз етті. 35 балаға ұн, қант, шәй, май, қартоп сынды тағамдар салынған дорбаларды үлестірді. Айта кету керек, Балқаштық іскер әйелдер қауымдастығында мұндай қайырымдылық шаралар дәстүрге айналған.

Айгүл Сыздықова- Балқаш қалалық іскер әйелдер қауымдастығының өкілі
«Жоғарда аталған бұл үш колледжде аз қамтылған балалар көп.Сондықтан осы оқу орындарын таңдап алдық.Алғыс айту күнінде мұндай қайырымдылық шара біздің іскер әйелдер қайымдастығында дәстүрге айналған».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать