Балқаш сазы хорының мүшелері жеке концертін өткізді

«Балқаш сазы» ардагерлер хорының мүшелері Мұрат Дәкібаев пен Жұматай Бажкеев жеке концертін өткізді. Әншілікпен қатар композиторлық қырлары бар қос өнерпаз М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында 10-ға жуық жеке әндерін де орындады. Мұрат Зейнетоллаұлы  мәдениет сарайындағы ұлттық аспаптар ансамблінің белді мүшесі, хор вакалисі, әуесқой сазгер. Оның ән қоржынында «Балбөбек», «Жанарым» сынды әндері бар. Жұматай Мақсұтбекұлының Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына шығарған «Жерұйығым Балқашым»  әні қазіргі таңда әнұранға айналды.

Кеште «Балқаш сазы» ардагерлер хорының мүшелерімен бірге қаламыздың басқа да әншілері өнер көрсетті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать