Руы Әлтеке — Мырзақұл, қимас бауыр Қуатова Кенже Шайынбайқызы бүгін тірі болса, ақпанның 23 жұлдызы күні 65 жасқа толар еді…
Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Бауырымызды сағына еске ала отырып «топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын!» – деп Алладан тілейміз.
Ортамызда жүруші ең күліп күнде,
Сіз жоқсыз, үзілгендей үміт мүлде.
Өмірдің мәні, сәні сіз екенсіз,
Түсіндік сіз жоқтағы бір жылда біз.
Асыл бауыр, сағындық нұрлы бейнеңді,
Сені ойласақ сағыныш оты кернейді.
Сол сағыныш бар жанымызды күйдіріп,
Жоқтығыңа әлі сенгіміз келмейді.
Өмір осы білмес әркез аяуды,
Көңіл осы көтеретін қаяуды.
Орның сенің бөлек еді біздерге,
Ардақты бауыр, асыл Әже, аяулы.
Еске алушылар: апалары, бауыры – Баянды, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login