Қырық күндік ас Қойшыбайұлы Манархан

Жәмші ауылының тумасы, Гүлшат кентінің тұрғыны, руы Әлтеке – Дос, Қойшыбайұлы Манархан әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн.

Қырық күндік асы 24 ақпан күні сағат 11.00-ден бастап «БЕРЕКЕ» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, балаларының еңбек ұжымдарына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Өмір осы білмес әркез аяуды,

Көңіл осы көтеретін қаяуды.

Орның сенің бөлек еді біздерге,

Ардақты әке, асыл ата, аяулы.

 

Жайдары, дархан көңіл мінезімен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.

Жар болды, әке болды мейірімді,

Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.

 

Алланың мініп пырағын,

Жұмақта болсын тұрағың.

Нұрланып тұрсын шырағың,

Пейіште болсын жұмағың!

 

Бәйтеректей әулетке сая болған,

Бәрінен де мейірімін аямаған.

Жәннатта жаның болсын, рухың биік,

Өзіңдей аяулы адам қайда бізге.

 

Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,

Анамыз аман жүрсін ортамызда.

Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,

Бейнеңіз қалды әке санамызда.

Топырағың торқа боп, асқар Әке,

Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.

Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын!

 

Ас берушілер: жұбайы – Тлеу, бауырлары, балалары, немерелері, шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать