Руы – Бораншы-Үмбетбай, Мейірбеков Маралбектің бәйбішесі, Руы – Қырғыз-Естекі, Тойғанбай, Серкебайқызы Қаман анамыздың өмірден өткеніне 22.02.2018 күні 40 күн толады.
Қырық күндік асы 22.02.2018 күні сағат 12.00-ден бастап АТТИЛА дәмханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, жора-жолдастарға, еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,
Бақи бол, имандының бірі сенсің.
Жатқан жерің жарық болсын,
Топырағың торқа болсын!
Шапағатың нұрға толсын!
Әруағыңмен жебей бізді,
Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!
Арқа сүйеп, ардақтаушы-ек, жан Ана,
Сенің айтқан ақылы мол сөзіңді.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан Ана, топырағың торқа болсын!
Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,
Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.
Түскен кезде қайғы-мұң басымызға,
Ағайын, көрші, құда-жекжат болды қасымызда.
«Рахмет!» -дей келіп, шақырамыз,
Анамызға арнап жайған асымызға.
Ананың орны бөлек өмірдегі,
Ана деген асыл жан өмірдегі.
Кім қияды анасын қара жерге,
Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.
Қара жерде жатқаныңа қырық күн,
Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.
Қырық күнде жүрек міне, қаяулы,
Қош, қош бол, Ана, аяулы!
Хабарлаушылар: жолдасы – Маралбек, баласы – Нұрбол, Мейірбековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login