2 жасар Жәнел Тұрсынханға қаржылай көмек қажет. Онкологиялық ауруға шалдыққан бүлдіршіннің денсаулығы күн санап нашарлауда. Баланың ішкі құрылысында анықталған ісік күн санап үлкеюде, онымен қоса ішіде өсе бастаған. Қазір Жәнел анасымен бірге Астана қаласындағы «Ана мен Бала» орталығындағы онкологиялық бөлімінде ем қабылдап жатыр.Онда ол 9 айдан бері 5 химия-терапиядан өтті. Алайда, 6-шы курсқа келгенде баланың жағайды нашарлап кеткен. Ал отандық дәрігерлер іштегі ісік кішіреймей, ота жасай алмаймыз деп отыр. Жәнелдің ата-анасы енді оны Мәскеуге апарып емдетпек. Алайда, қаржы жағы қол байлау болып отыр. Ал Жәнелдің жағдайын естіген балқаштық өнерпаздар 23 ақпан күні қайырымдылық концерт өткізбек. Мәдениет сарайында кешкі сағат 18:00-де әншілер ән айтып, бишілер би билеп ақша жинап бермек ниетте. Сондай-ақ көмек көрсетемін деген тұрғындарға арнап, қаладағы бірнеше мекемеде ақша салуға арналған жәшіктер орнатылды.
Жәнел Тұрсынханға арналған қайырымдылық жәшіктер төмендегі мекемелерде орнатылды:
Балқаш түстіметал өндірісінің басқармасы
Кеңестік-диагностикалық орталық
Медициналық колледж
Балқаш маңызды білім беру колледжі
Политехникалық колледж
Балқаш көпсалалы колледжі
«Балақай» балабақшасы
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login