Құттықтау Бегімбай тегі Жәкібайұлы Болат

Бүгінгі күні адам өмір жолының асқар биігі- алпыстың шыңына шығып отырған ардақты бауыр, аяулы жар, асқар таудай әке, сүйікті ата Бегімбай тегі Жәкібайұлы Болатты мерейтойымен құттықтаймыз!

Осы қуанышты күні сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге жылылық, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.

 

Отбасыңыздың алтын қазығы жан – жарыңызбен бірге бала-шаға, бауырларыңыздың ортасында көңіліңіз әрдайым көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы көрмей еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран, туған-туыс алдында абыройыңыз асқақтай берсін.

 

Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,

Жалғанда тілек барма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың

Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан!

 

 

Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,

Болсын дейміз әрдайым бағың басым.

Отбасыңа тілейміз біз амандык,

Жаратқан дәйім сізді жарылқасын.

 

 

Бақытыңның өрге тартып бұлағы

Үзілмесін өміріңнің жыр әні.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер

Келер күннің сәулелі боп шуағы.

 

Игі тілекпен: Бегімбаевтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать