Біз бүгін сүйікті де сүйкімді немереміз, еліктей ерке балапанымыз Амангелді Нұрай Талғатқызын 5 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тіл-көзден сақтап, тек жақсылығын берсін! Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы мамасы мен папасына қуаныш әкелсін!
5-ке келді ботақан,
Апаның көңілі босаған.
Атасы бәйек «еркем» деп,
Алданыш болған, қошақан.
Ата-апасының таусылмайтын жыры бол,
Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол.
Қызғалдақтай құлпыра бер әрқашан,
Шын жүректен тілейтін тілегіміз сол.
Т/б: атасы – Орал, апасы- Тлеукен, әжесі – Әминә.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login