Балқашта «қауіпсіз жол» акциясы басталды. Соған орай полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қатаң бақылауға алады. Мұндай тексеріс 19 нан бастап 21 ақпанға дейін созылады. Еске сала кетейік, жыл басында ереже бұзудың 40 түрі бойынша айыппұл көлемі азайған болатын. Енді жылдамдықты асырғандар 12 мыңнан 72 мыңға дейін төлейді. Ал қызылға өткендер 24 мың теңгесінен қағылады. Жаяу жүргіншіге немесе басқа жүргізушіге жол бермеген көлік иелері де осынша айыппұл төлейді. Қарсы бағыттағы жолаққа шыққандарды жарты жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы күтіп тұр. Тиісті емес жермен жолды қиып өткен тұрғындар болса 12 мың теңгесінен айырылады.
Нұрлан Кәрім – жергілікті полиция қызметінің басшысы
«Іс-шараның мақсаты жүргізушілердің арасынан мас күйінде көлікті жүргізу сияқты басқада құқық бұзушылықты анықтауға бағытталады. Және түнгі уақыттарда жол партульдік полициясы күшейтілген түрде қызмет атқарады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login