Балқаштағы 53/898 әскери бөліміне 80 жыл толды

Қаламыздағы 53/898 әскери бөліміне 80 жыл толды. Әскерилер бұл мерейлі датаны мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты жиында атап өтті. Ал тарихқа көз жүгіртсек, бұл бөлім 1938 жылдың 17 ақпанында бомбалаушы авиациялық полк ретінде Белоруссияда құрылған. Ал қазіргі таңда әскери бөлімдегі авиациялық оқу-жаттығу базасы болашақ ұшқыштар дайындайды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Мереке күні әскери қызметшілер Тәуелсіздік алаңына жиналды. Олар ұшқыштар, инженер техниктер, байланысшылар және ардагерлер. Жалпы саны  300 ге жуық сарбаз сап түзеп, адымдай басып мәдениет сарайына бет алды.

Ал мәдениет сарайында үлкен салтанатты жиын өтті. Қала әкімі әскери қызметшілерді мерейтоймен құттықтап, ерен еңбегімен көзге түскендерге құрмет грамотасын табыстады. Тағы бірқатар жауынгер ҚР қарулы күштеріне 25 жыл медалінің иегері атанды. Сондай-ақ жиында 3 сарбаздың дәрежесі жоғарылап, бірі аға лейтенант, бірі капитан бірі майор шеніне ие болды.

Енді тарихқа көз жүгіртсек. 53/898 әскери бөлімі 1938 жылы 17 ақпанда 39-шы бомбалаушы авиациялық полк ретінде құрылған. Бұл полк ұшқыштары  ҰОС кезінде ақан батылдық пен ерлік көрсеткен. 1944 жылы Николполь қаласын азат еткені үшін полкка Никопольский атағы беріледі. Ал 1945 жылы Александр Невский орденімен марапатталады.

Александр Трохин-полковник

«Ұлы жеңіс күнін полк Австрия жерінде қарсы алды. Соғыстан кейін ұшқыштар Л-38, ЯК-28 секілді жаңа ұшақтарды меңгере бастады. Ал 1979 жылы Ауғанстанда болған соғысқа қатысты.

1969 жылы авиациялық полк Балқаш қаласына көшіріледі. Тәуелсіздік алған жылы 53/898 әскери бөлім ретінде ҚР қарулы күштерінің қоластына өткен. Қазір мұндағы 609-шы авиациялық оқу жаттығу орталығы болашақ ұшқыштарды дайындайды.

Тимур Есмағанбетов-53898 әскери бөлімінің командирі

«Ақтөбедегі әскери институттың жас курсанттары Балқашта Л-39 реактивті ұшағын тізгіндеп, аспанда ұшуды үйренеді. Жыл өткен сайын олардың даярлық деңгейі   жоғарылауда. 2005 жылы алғаш рет Республикалық парадқа қатыстық. Содан бері бірде-бірін өткізген емеспіз

Биыл  әскери бөлімде орналасқан ұшу-қону жолағын күрделді  жөндеуден өткізу жоспарлануда. Алаң заманауи талапқа сай қайта салынады. Сонымен бірге, техникалық базада  жаңаланбақ.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать