Жеміс-жидек пен көкеніске толы Volkswagen Transporter жүк көлігі жанып кетті. Тілсіз жау Алматы-Екатеринбург тас жолында тіркелді.
47 жастағы жүргізуші Қарағандыдан Приозерскке бағыт алған.Қаладан 40 шақырымнан астам жерден өтіп бара жатқанында капоттың ішінен қатты дауыс естеліп, көліктің алдыңғы жағынан өрт шыққан. Көлік иесі бірден сыртқа шығып, өрт сөндірушілерге хабар беріпті. Алайда, шаһар мен оқиға арасындағы жол 30 минутты құрайтындықтан мамандар келгенше темір тұлпардың тек қаңқасы ғана қалған. Абырой болғанда, жүргізуші аман. Оны Приозерске туысқандары алып кетті. ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы Олег Грабовскийдің айтуынша өрттің шығуына капоттағы жанармай өтетін қорапшаның атылуы себеп болған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login