Медициналық колледждің дәл қасында Ауди-80 маркалы темір тұлпар өртке оранды. Оқиға кешкі сағат 18.00 болған. Үйіне қайтып бара жатқан жүргізуші көліктің ішінен түтіннің иісін сезіп тоқтайды. Капотты ашып қараса, өрт шарпи бастапты. Көлік иесі тілсіз жауды өз күшімен сөндірмек болып, 3 дана өрт сөндіргіш баллонды қолданады. Алайда бұл әрекетінен түк шықпағандықтан мамандарға хабарласады.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Біз оқиға орнына келгенше жүргізуші көліктің капотын, есіктерін жауып қойған. Өрт далаға шықпас үшін оның жасаған ісі дұрыс. Бірақ, қызыл жалынның салдарынан көліктің ішкі панелі жанып кетті. Оған қысқа тоқтың тұйықталуы себеп».


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login