Балқаш жаңалықтары 14 наурыз 2017

Көмірлі шаһарға келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ерлан Жақанұлы Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындады.

Балқаш қаласының ауасы тазара түспек. Мыс қорыту цехында газ шығаратын бұрынғы түтіктен 70 метрге биік жаңа құбыр орнатылмақ.

Қалада тапшы 8 маман 1 апта бойы кішкентай науқастарды қабылдайтын болады. Ешқандай жолдамасыз әрі тегін.

Биыл Балқашта 22 үй жөндеуден өтеді. Шаһардың 80 жылдық мерейтойына орай орталық көшелер жаңа кейіпке енеді.

Балқашта арнайы тексерістен өтпеген мал еті сатылған. Оны ветеринария бөлімінің мамандары анықтап, тауарды сатылымнан алып тастады.

Наурыз мерекесіне орай тігілген 24 қанатты хан ордасында көрме басталды. Онда қала тұрғындарына қалалық мұражай қызметкерлері экскурсия ұйымдастырады.

Балқаш қалалық маңызды білім беру колледжінің студенттері мен мұғалімдері ошақ қасында сынға түсті. Үш топқа бөлінген 100 –ге жуық қатысушы 25 келі ұннан 500 бауырсақ пісірді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture