С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Өшпес рухты тұлғалар» атты іс-шара өтті. Жиын барысында зейнеткер-ұстаз А.Қалымбергенов Алаш қозғалысының 100 жылдығына арнап шығарған «Орысбайдың тоғаны» атты еңбегімен таныстырды. Онда Әлихан Бөкейхановтың ұлт жанашыры ретіндегі бейнесі , тарихтағы алар орнын жан-жақты түсіндірді. Тарих пәнінің мұғалімдері Адильхан А.Б. мен Бейсекина Г.А. Алаш партиясының шын мәнінде қандай партия болғандығы, құрылуын, оның не мақсатпен құрылғандығын, қандай қызмет атқарғаны жайында айтты.
Тыңдармандар мен қонақтар арасындағы әңгіме-диалог №15 мектеп –лицей оқушылары мен колледж студентерін қызытқырып, қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. 10- сынып оқушысы Алихан Мырзаханұлы Ақтоғай өңіріндегі бабалар басында толғаныспен шығарған өлеңін оқып берді.
Шара барысында «Алаш» деректі фильмі көрсетіліп, «Өшпес рухты тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
balkhashlib.kz

Біздің WhatsApp +77083979706 нөмірімізге өз жаңалықтарыңызды жіберіңіздер. Жаңалықтарыңыз «Народные новости» айдарына жарияланатын болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login