Биылғы оқу жылынан бастап информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Білімді цифрландыру туралы жаңа іс-шаралар қойылды. Ең бірінші, бүкіл әлем елдері сияқты информатиканы ерте оқыту. Мысалы информатика 2017 жылы 7-сыныптан басталса, 2014 жылы 5-сыныптан басталған. Ал осы оқу жылынан бастап үшінші сыныптан басталады, бұл бір», — деді министр.
Оның айтуынша, 5-тен 11-сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.
«Оның ішінде бағдарламалау тілдерін қарастырып жатырмыз. Ескі тілдерді шығарып, жаңа бағдарламалау тілдерін енгізу туралы ұсыныс бар. Ол жұмыс енді басталды», — деді ол.
Сонымен бірге министр мектептердегі цифрлық білім беру ресурстарын қолдану деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login