Балқашта ұлттық тағамдарға байқау жарияланды. Оған асхана шеберінің мамандары қатысып, түрлі халықтың астарын әзірлеп, сынға түсе алады. Ол үшін алдымен 20 ақпанға дейін мәдениет сарайына барып, өтініш беру керек. Өтінімдер толық жиналғанда жереби арқылы кімнің қандай тамақ түрін жасайтыны анықталады. Ал 1 наурыз күні сағат 3-те мәдениет сарайында негізгі байқау өтеді. Онда қатысушылардың еңбектеріне қазылар алқасы баға беріп, шеберді анықтайды. Үздіктер міндетті түрде бағалы сыйлықтармен марапатталады. Толық ақпаратты 4-47-45 нөмірі арқылы біле аласыздар.
Әсел Бөлекова -мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
«Байқауға қатысуға барлық мейрамханаларды, дәмханаларды және үйде тамақ пісіретін жеке кәсіпкерлерді шақырамыз.Өтінімдер 20 ақпанға дейін қабылданады.Өтініштерді Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту тапсыруларыңызға болады».
Байқау ережесі СІЛТЕМЕДЕ
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл t.me/orkenmedia! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login