Еске алу Қағазбаев Айтқали Асылмұратұлы

Руы  Тобықты-Манас-Ақсары, қимас бауыр Қағазбаев Айтқали Асылмұратұлы бүгін тірі болғанда ақпанның 6-сы күні 47 жасқа толар еді… Бауырымызды сағына еске алып, мына өлең жолдарын жолдаймыз:

Өзегіме өшпестей,

Өрт сап кеткен, құлыным!

Жүрегіме жазылмас,

Дерт сап кеткен, құлыным!

 

Бұйрығына Алланың,

Көнемін енді, құлыным!

Жатқан жерің жарық боп,

Тыныш ұйықта, құлыным!

 

Пейіштен берсін деймін саған орын,

Несіп етсін көруге жұмақ төрін.

Бақыл бол, Айтқали, ботақаным,

Сақталар жүректерде сенің  орның.

 

Жан бауыр, өзіңді біз сағынамыз,

Аруағыңа тәу етіп, табынамыз.

Ұмытпаймыз ешқашан есіміңді,

Табиғаттың заңына бағынамыз.

 

Ақкөңіл-ең әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

 

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің.

Жатқан жерің жарық болсын,

Топырағың торқа болсын!

Шапағатың нұрға толсын!

Әруағыңмен жебей бізді,

Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!

Еске алушылар: анасы – Нақып, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать